Бүгін парламент мәжілісінің жалпы отырысында Руслан Берденовтің депутаттық өкілеті тоқтатылды.
Шымкент қаласы әкімінің 2025 жылғы 24 ақпандағы өкімінің парламент мәжілісінің депутаты Руслан Арысбекұлы Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Осыған орай ҚР орталық сайлау комиссиясы Р. Берденовтің өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным енгізіп отыр, — деді ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов.
Палата отырысында депутаттың өкілетін тоқтату жөніндегі қаулы қабылдады.
Еске салайық, бұған дейін Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.