21 ақпанда автобустың бағанаға соқтығысуы салдарынан 15 адам елордадағы №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Астананың денсаулық сақтау басқармасы хабарлап отыр.
Тексеру нәтижесінде сегіз адам дәрігерлердің ұсынысымен амбулаторлық ем алуға үйлеріне жіберілді.
7 науқас емделу үшін ауруханаға жатқызылды, оның төртеуіне операция жасалды. Барлық науқас дәрігерлердің тұрақты бақылауында және толық көлемде қажет ем-дом алады, — делінген хабарламада.