Басты бетЖаңалықтарЖетісу облысында браконьерлерден 200 келіден астам балық тәркіленді

Жетісу облысында браконьерлерден 200 келіден астам балық тәркіленді

Балқаш көлінен заңсыз балық аулаған азаматтар ұсталды. Рейдтік іс-шара барысында браконьерлерден тыйым салынған аулау құралдары тәркіленді.

Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Табиғатты қорғау полициясы мен Қаратал балық инспекциясының мамандары өңірдің су айдындарында рейд жүргізген. Іс-шара барысында Балқаш көлінде тыйым салынған аулау құралдарын пайдаланып, заңсыз балық аулаған азаматтар қолға түсті.

Құқықбұзушылардан ұзындығы 100 метрлік балық аулау торы мен 234 келі заңсыз ауланған балық тәркіленді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Келтірілген алдын-ала шығын 1 285 705 теңгені құрады, — деді Жетісу облыстық полиция департаменті.

Полиция қызметкерлері браконьерліктің ел экологиясы мен су ресурстарына айтарлықтай зиян келтіретінін ескертеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да