Басты бетЖаңалықтарНаурызда 1 000 теңгелік банкнота жаңа дизайнмен айналымға шығады

Наурызда 1 000 теңгелік банкнота жаңа дизайнмен айналымға шығады

Қазақстан ұлттық банкі басқармасының кезекті отырысы өтті. Онда ақша және валюта нарығындағы жағдай туралы баяндама қабылданды.

Бұл туралы ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

2025 жылғы 28 наурыздан бастап 2024 жылғы үлгідегі өзгертілген дизайны бар 1 000 теңгелік банкнотаны айналымға шығару туралы шешім қабылданды, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар 2025 жылы екі жаңа коллекциялық монета — GRIFFIN («Көшпенділер аңызы мен мифтері» сериясынан) және OTYRAR («Қазақстанды монеталар арқылы зертте» сериясынан) монеталарын шығару әрі айналымға енгізу мәселесі бекітілді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да