Қазақстандық әуекомпаниялар Грузия мен Қытай бағыттары бойынша жаңа рейстерді іске қосады. Бұл туралы көлік министрлігі хабарлап отыр.
Мәселен, биылғы 27 мамырдан бастап Атыраудан Тбилисиге тікелей рейстерді іске қосу жоспарланып отыр. Рейстер аптасына үш рет сейсенбі, жұма және жексенбі күндері Airbus типті әуе кемелерімен орындалады.
Тбилисиге рейстер Алматы және Ақтау қалаларынан орындалады.
Сонымен қатар биылғы 28 мамырдан бастап Шымкент қаласынан Сиань қаласына тікелей рейстер іске қосылады. Рейстер сәрсенбі және сенбі күндері орындалады. Қазіргі уақытта Сиань қаласына тікелей рейстерді Қытай әуекомпаниялары Алматы мен Астанадан орындайды, — делінген ақпаратта.
Жаңа бағыттардың ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.