Басты бетЖаңалықтарСҚО-да республикалық жолдың бір учаскесі жабылды

СҚО-да республикалық жолдың бір учаскесі жабылды

Солтүстік Қазақстан облысында көлік қозғалысын шектеу қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі хабарлап отыр.

2025 жылғы 20 ақпан сағат 08:00–де келесі республикалық маңызы бар жолдарда теміржол өткелін жөндеу және резинотехникалық жабынын ауыстыруға байланысты «Петерфельд-Архангельск-Новокаменка» және «Жезқазған-Арқалық-Петропавловск» автожолының 0-13 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Петерфельд ауылы-Архангельск ауылы) көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылады, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл ретте жолды 2025 жылғы 20 ақпан сағат 19:00–де ашу жоспарланған. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да