Басты бетЖаңалықтарЕрболат Досаев China Exim Bank президенті Ван Чуньинмен кездесті

Ерболат Досаев China Exim Bank президенті Ван Чуньинмен кездесті

Алматы әкімі Ерболат Досаев China Exim Bank президенті Ван Чуньинмен инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру мәселелері бойынша кездесті.

Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

ҚХР-ға ресми сапар аясында Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Қытай Экспорттық-Импорттық банкінің (China Exim Bank) президенті Ван Чуньинмен кездесуі өтті.

Келіссөздердің басты тақырыбы негізгі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру шарттарын талқылау, атап айтқанда, Алматы метрополитенінің желісін кеңейту болды.

Біз белсенді және жемісті ынтымақтастықтың негізі болатын елдеріміздің көшбасшылары арасындағы тығыз саяси диалогты жоғары бағалаймыз. Алматыда метро желілерін салу жөніндегі жобалар Қазақстан Республикасы үкіметінің кепілдігімен сыртқы қарыз алуды тарта отырып, ЕРС+F-келісімшарт қағидаты бойынша іске асырылады. Біз осы жобаны қаржыландыру шарттары бойынша China Exim Bank ұсыныстарын егжей — тегжейлі талқылауға дайынбыз, сонымен бірге басқа да инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысуға шақырамыз, — деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.

Ван Чуньин ханым Exim Bank Қазақстанда 16 жыл бойы түрлі жобаларды қаржыландырумен айналысып келе жатқанын және жол инфрақұрылымын, энергетиканы, өнеркәсіпті және жылжымайтын мүлікті салу объектілерін инвестициялауда мол тәжірибесі бар екенін айтты.

Біздің Қазақстанмен өзара іс-қимылымыздың маңызды саласы көлік, инфрақұрылымдық құрылыс салу. Бес ірі жол жобасы бойынша бізде 2,4 млрд. АҚШ доллары көлемінде келісім шарт жасалған. Қазір біз Алматы әкімдігімен ынтымақтастық үшін барлық күш — жігерімізді жұмсауға дайынбыз, — деді Ван Чуньин.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жұмысты жалғастыруға және серіктестік қатынастарды нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық