Басты бетЖаңалықтарҰлытау облысында шахтадағы апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ұлытау облысында шахтадағы апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ұлытау облысындағы «Жомарт» кенішінде болған апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық ПД хабарлап отыр.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігіне сәйкес «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында департаменттің жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр, — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта барлық қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, кеше сағат 16:50-де Ұлытау облысындағы шахтада апат болып, жеті адам төтенше жағдайда қалды.

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары жөнелтілді. Жеті жұмысшы құлаған аймақтың арғы жағында қалып, барлығы қайтыс болды.

Шахтаның опырылуына байланысты үкіметтік комиссия құрылды.

Президент Ұлытау облысында кеншілердің қаза болуына байланысты көңіл айтты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық