Басты бетЖаңалықтарАлматыда күдіктіні азаптаған полиция қызметкерлері сотталды

Алматыда күдіктіні азаптаған полиция қызметкерлері сотталды

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаптауды қолданған екі полиция қызметкеріне қатысты айыптау үкімін шығарды.

Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы хабарлап отыр.

Қылмыстық істі Алматының арнайы прокуроры тергеп-тексерді.

2023 жылғы 29 наурызда кінәлі полиция қызметкерлерінің туысының пәтерінде, жеткізілген азаматқа қатысты оған бөтеннің мүлкін ұрлағанын мойындату мақсатында азаптаулар қолданылғаны дәлелденді.

Полицияның заңға қайшы әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленушіге тән азабы келтірілген. Кінәні мойындау туралы процестік келісімін ескере отырып, сот үкімімен сотталушыларға үш жыл алты ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді. Сотталғандар арнаулы атақтарынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды, — делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.

Прокуратураның ұсынуы бойынша қарамағындағылардың қызметіне бақылаудың жоқтығы және қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 10 полиция қызметкері, оның ішінде бес құрылымдық бөлімше басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да