Басты бетЖаңалықтарҚаңтардағы ҰБТ: 197 ереже бұзу фактісі анықталды

Қаңтардағы ҰБТ: 197 ереже бұзу фактісі анықталды

164 мыңға жуық адам қаңтар айындағы ҰБТ-ны тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің 76,81%-і қазақ тілінде, 23,14%-і орыс тілінде, 89 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлап отыр.

70,35%-ке жуық талапкер шекті балл жинады. Орташа балл 65,81 балл болды. Ең жоғары балл – 139. Жалпы 186 талапкер 130-дан жоғары балл жинады. Тестке қатысушылардың басым бөлігі «Математика-Физика» комбинацияларын таңдаған, атап айтқанда, 17,5%-і тапсырды. «Биология-Химия» пәндерін 17,27%-і таңдаған. Сонымен қатар бұл үштік қатарында талапкерлердің 10,29% таңдаған «Математика-Информатика» комбинациясы кірді. Ең аз таңдалған комбинация – «Химия-Физика», оны 197 адам тапсырған, — деп жазылған хабарламада.

Ұлттық тестілеу орталығының ақпаратына мсәйкес, 2025 жылғы қаңтардағы ҰБТ қорытындысы бойынша талапкерлер «Оқу сауаттылығы» пәнін жоғары көрсеткіш көрсеттті. Орташа есеппен сұрақтардың 75,43%-іне дұрыс жауап берілген. Ал «Физиканы» тапсырғандардың тек 32,32%-і тапсырманы дұрыс орындаған, олар үшін «Электромагниттік индукция» тақырыбы қиын болды.

ҰБТ барысында 197 ереже бұзу фактісі анықталған. Оның ішінде 101 талапкер смартфон және шпаргалка сияқты тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды, ал тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 96 адам шығарылды. Өзге тұлғалар анықталған жоқ.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық