Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 508–514 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 11 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 510,49 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,27 теңге. Еуро — 527,29.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 510 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 512,5 теңге. Еуро 525—529,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 508 теңге, сатып алу құны — 514 теңге. Еуро 523 теңгеден сатылып, 530 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,19-5,29 аралығында саудаланып жатыр.