Қазақстандық спортшылар ІХ қысқы Азия ойындарының фристайл-акробатикадан қола медаль еншіледі.
Отандастарымыз Ардана Маханова және Аяна Жолдас фристайл-акробатикадан әйелдер арасында синхронды секіру сынында 59.16 ұпай жинап, үшінші орыннан көрінді.
Қытайлық спортшылар алтын және күміс медальді өзара бөлісті.
Айта кетейік, бұл – Қазақстан делегациясының Харбиндағы қысқы Азия ойындарындағы оныншы жүлдесі.
Еске салайық, бұған дейін шорт тректен Қазақстан құрамасы аралас эстафетадан күміс медаль алған еді. Артынша конькимен жүгіруші Евгений Кошкин 100 метр қашықтықта екінші болып келді.
Шаңғышы Константин Борцовқа қола жүлде бұйырды.
Аяна Жолдас фристайл-акробатикадан үшінші орын алды.
Шорт-тректен әйелдер құрамасы «күміс», ал ерлер құрамасы Азиада тарихында алғаш рет алтын медаль алды.
Конькимен жүгіруден Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль алды.
ІХ қысқы Азия ойындарында шаңғышы Олжас Климин қола жүлдеге қол жеткізді.