Астанада Дүниежүзі қазақтарының бесінші құрылтайы өтеді

Қауымдастық президиумы төрағасының орынбасары Сұлтанәлі Балғабаевтың айтуынша, биылғы құрылтайда шетелдегі қазақ мәдени орталықтарын қаржыландыру, шетелдегі қазақ жастарын Қазақстанға оқуға шақыру мәселелері қаралады.

«Құрылтай мақсаты — шетелдегі қазақтардың Қазақстанға көшіп келуіне жағдай жасау», — деді Балғабаев.

Дүниежүзі қазақтарының бірінші құрылтайы 1992 жылы Алматы қаласында, екіншісі — Түркістанда 2002 жылы өтті. Одан соң құрылтай екі мәрте (2005 және 2011 жылдары) Астанада ұйымдастырылды.

Биыл құрылтайға негізінен шетелдегі қазақ жастары шақырылады. Форумға 40-тан астам елден 350 адам қатысады.

ДереккөзCentralasian.org