2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 20 286 084 адам болды. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлап отыр.
Оның ішінде:
- қала тұрғындары – 12 774 743
- ауыл тұрғындары – 7 511 341
Былтырғы жыл басынан бері халық саны 252 242 адамға өсті, оның ішінде табиғи өсім есебінен — 235 078 адамға, көші-қон есебінен 17 164 адамға.
Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Алматы қалаларында, тиісінше 6,91% бен 2,86%, сонымен қатар Шымкентте тіркелді – 2,80%.
Республикалық маңызы бар қалалардан басқа, бір миллионнан астам халқы бар облыстар – Түркістан (2,1 миллион), Алматы (1,5 миллион), Жамбыл (1,2 миллион) және Қарағанды (1,1 миллион).