Басты бетЖаңалықтарҚостанай облысында ұлына 4 жыл бойы алимент төлемеген әке сотталды

Қостанай облысында ұлына 4 жыл бойы алимент төлемеген әке сотталды

Қостанай облысының прокуратурасы ұлына төрт жыл бойы алимент төлемеген әкені соттатты. Бұл туралы прокуратураның баспасөз қызметі хабарлап отыр. 

Облыстық прокуратураның мәліметінше, оның қарыз көлемі 4,4 млн теңгеге жеткен. Жалпы, аймақ бойынша былтыр балаларына 96,3 млн теңге алимент төлемеген 61 ата-ана істі болған.

Өңірде кейінгі үш жылда әдейі алимент төлемей жүргендердің саны екі есеге артты. 2024 жылы прокуратураның үйлестіруімен 96,3 млн теңге сомаға алимент төлемегені үшін 61 адам сотталды, оның ішінде алты адам бас бостандығынан айырылды. Мысалы, бір азамат төрт жыл ішінде ұлына алимент төлемей, 4,4 млн теңге қарыз болған. Федоров ауданының прокуроры сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастап, сот үкімімен борышкер бір жылға бас бостандығынан шектелді, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ