38 градус аяз: 24 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

24 қаңтарда еліміздің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды.

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамы бойынша, Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 31 градус аяз болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі.

Алматыда кей уақытта тұман түседі. Қонаевтада 24 қаңтарда кей уақытта тұман түседі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман түседі. Түнде облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты аяз болады.

Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында қатты аяз (30-33 градус) болады. Өңірдің шығысында, таулы аудандарында аздаған қар жауады. Облыстың шығысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын, тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Түнде қатты аяз (25-29 градус) болады. Талдықорғанда түнде қатты аяз (27-29 градус) болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында аздаған қар, жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Атырауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысынның солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын болады.  Петропавлда күндіз аздаған қар, жаяу бұрқасын болады.

Абай облысының солтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23 м/с болады.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын жүреді, оңтүстігінде тұман түседі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында аздаған қар, жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с болады. Таразда кей уақыттарда тұман түседі.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да