Басты бетЖаңалықтарАзаматтар QR-код арқылы тегін дәрі-дәрмек алды. Мұны қалай істеу керек?

Азаматтар QR-код арқылы тегін дәрі-дәрмек алды. Мұны қалай істеу керек?

Кейінгі үш айда пациенттер  «Әлеуметтік әмиян» арқылы дәрі-дәрмектерді электрон беру жобасында QR-код арқылы 1, 7 млн рецепт негізінде препараттар алған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлап отыр.

Бұл жобаға республика бойынша 700-ден астам медициналық ұйым қатысады.

«Әлеуметтік әмиянды» қолдану азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету, заңсыз айналымды болдырмай, бұрмалау және басқа да бұзушылықтар болдырмай, дәрігн қол жеткізу мен толық ашықтық үшін жағдай жасайды, — делінген ақпаратта.

Созылмалы аурулары бар адамдарды қоса алғанда, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде дәрі-дәрмек ішетін адамдарға енді қағаз рецепт алу үшін дәрігерге жазылуға уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Медбике тағайындалған дәрі-дәрмекті кезексіз өз бетінше бере алады.

Егде жастағы тұрғындар немесе «Әлеуметтік әмиян» мемлекеттік сервисі қызметін қолдана алмайтын адамдар емханаға барған кезде Face-ID және уеб-камералардың арқылы сәйкестендіруден өтсе болған. Содан кейін дәрілік заттар пациенттің қолына беріледі.

Дәрі-дәрмекті электрон беру жобасы тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде препарат алатын 1,7 млн адамды қамтып отыр.

Мұны қалай жасауға болады?

Пациент «Әлеуметтік әмиян» мобайл қолданбасына кіргенде барлық рецептін көреді (қазір ішуі керек және ендігі керек емес дәрілер). Содан кейін дәріханаға барып, QR-рецепт кодын ұсынады. Дәріхана мейіргері QR-ды сканерлейді де, керек дәрі-дәрмегін береді. Қағаз рецептерін сақтаудың қажеті жоқ, QR болса болғаны.

Дәрі-дәрмектерді электронды түрде берудің артықшылықтары:

🔹дәрілік заттар алу толық тарихы сақталады;

🔹қызмет көрсету сапасын бағалауға мүмкіндік бар;

🔹фото/бейне қосу мүмкіндігімен пікірлер қалдыруға болады;

🔹пациенттің тарапынан өте төмен бағалау кезінде уәкілетті мемлекеттік органға электрон өтініш автоматты түрде жасалады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ