Спорттық шараны «Астана орманы» ЖШС Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасымен, №6 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебімен бірлесіп ұйымдастырды.
Шараның мақсаты веложолдар мен велоспортты дамыту, оны елорда тұрғындарының, оқушылардың және жастардың арасында дәріптеу, сондай-ақ, жас велосипедшілердің шеберлігін жетілдіру, перспективті спортшыларды анықтау болып табылады.
Жарысқа 100 спортшы қатысты.