Кейінгі бес жылда әйелдерге қатысты қылмыстар саны екі есеге қысқарды

Кейінгі бес жылда әйелдерге қатысты қылмыстар саны екі есеге қысқарды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

2024 жылы ішкі істер органдарына отбасындағы зорлық-зомбылық жағдайлары туралы 100 мыңға жуық хабарлама келіп түсті. ІІМ 72 мың шектейтін қорғаныс ұйғарымын берді, — деп жазылған хабарламада.

Елімізде зардап шеккен әйелдер мен балаларға көмек көрсететін 69 дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Жыл басынан бері осындай орталықтарға 5,5 мың әйел жүгінген, оның 3,7 мыңы балалы әйел.

Жүйелі жұмыс қазірдің өзінде нәтиже беруде. Кейінгі бес жылда әйелдерге қатысты қылмыстар саны екі есеге қысқарды, оның ішінде зорлық-зомбылық қылмыстары 37,9%-ке, кісі өлтіру – 49,3%-ке, ауыр дене жарақатын келтіру – 8,7%-ке азайған, — делінген хабарламада.

Бұл цифрлар зардап шеккендерді қорғауға және қолдауға бағытталған кешенді шаралардың тиімділігін айғақтайды.