Әлеуметтік драма түрлі себептермен дүниеге некесіз сәби әкелген әйелдерге қатысты жағымсыз стереотиптерді бұзып, сәбилерді жетімдіктен құтқаруды, рухани және отбасылық құндылықтарды қайта жаңғыртуды мақсат етеді. Телехикаяда ата-ана мен баланың қарым-қатынасы, тұрмыстағы зорлық-зомбылық, тәлім-тәрбиенің әсері, адамгершілік пен жауапкершілік сынды өткір әлеуметтік мәселелер қозғалады. Оқиғалар мен кейіпкерлердің образдары шынайы өмірден алынған.
Анашым, мені қалдырма! (Видео)
