Қар, боран, аяз: синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 10-12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, апта басында Солтүстік циклон жырасы әсерінен елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады: қар жауып, боран соғады, батыста күн жауын-шашынды (жаңбыр, қар) және көктайғақ болады. Елдің оңтүстігінде кең антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:

  • түнде батыста 0-8 аязға дейін,
  • солтүстік-батысында, солтүстігінде 7-15 аязға дейін,
  • орталықта 10-18 аязға дейін,
  • шығыста, оңтүстік шығыста 7-20 аязға дейін,
  • оңтүстік облыстарда 5-13 аязға дейін.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да