Басты бетЖаңалықтарПрезидент Александр...

Президент Александр Стуббты Финляндияның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Финляндияның Ұлттық мерекесіне орай президент Александр Стуббқа құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Президент Финляндияның тұрақты әрі өркендеген қоғам құру жолында елеулі жетістікке жеткенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалап, қазақ-фин өзара тиімді серіктестігінің одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Финляндия халқына бақ-береке тіледі.