Басты бетЖаңалықтарПавлодарда белдік...

Павлодарда белдік тақпаған 7 мыңнан астам жүргізуші жауапқа тартылды

Ертіс-Баян өңірінде қауіпсіздік белбеуін тақпайтын жүргізушілер қатары азаяр емес. Жыл басынан полицейлер 7 421 тұрғынды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаменті хабарлап отыр.

Жыл басынан бері Павлодар облысының полицейлері қауіпсіздік белдігін елемеген 7,5 мыңға жуық жүргізушіні жауапкершілікке тартты. Мысалы, полиция қызметкерлері Лермонтов көшесінде патрульдеу кезінде «Тойота» маркалы автокөлігін тоқтатты. Көлік жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпаған. Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды, — делінген хабарламада.

Статистикалық деректер қауіпсіздік белдіктерін пайдалану жол оқиғаларының 70%-інде жарақаттанудан сақтайтынын көрсетіп отыр.