АҚШ Солтүстік Кореяға қарсы қысымын күшейтпек

Ақ үйдің мұндай стратегиялық жоспары Дональд Трамп пен сенаторлардың арнайы кездесуінен кейін мәлім болды. АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның айтуынша, ресми Вашингтон Корей түбегінде тұрақтылықты сақтап, ядролық қарудан арылту үшін кез келген келіссөзге дайын. Алайда елі мен одақтастарына төнген қауіпті жою үшін бар күшін салатынын атап өтті.

Сонымен қатар сенаторлар Солтүстік Кореяға қысымды күшейту үшін Қытаймен одақтасудың маңыздылығын айтты.

«Барлық одақтастар бірігіп, Солтүстік Кореяға Қытайдың да қысым көрсетуі қажет екенін айтуға тиіспіз. Өйткені бүгінде Пхеньянды жалғыз Бейжің ғана қолдап отыр. Егер бұл кикілжіңді шешуде Қытай бізді жақтамаса, Корей түбегіндегі ахуалды дипломатиялық жолмен шешу қиынға соғады»,- дейді сенатор Крис Кунс.

Дереккөз24.kz