Басты бетЖаңалықтарТүркістан облысында...

Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланған топ анықталды

Түркістан облысында полицейлер құмды заңсыз өндірумен айналысқан топты анықтады. Олар мемлекетке 437 млн теңге көлемінде шығын келтірген.

Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.

Полицейлер Түркістан облысы Келес ауданы аумағында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде заңсыз жер қойнауын пайдаланумен айналысқан адамдар тобының қызметін тоқтатты.

Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері пайдалы қазбаларды (қиыршық тасты) өз бетінше сатқан төрт күдіктіні ұстады. Келтірілген залал 437 миллион теңге болды.