Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Алматыда қоғамдық көлікте әйелді ұрған ер адам қамауға алынды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Алматы полициясы қоғамдық көлікте әйелді ұрған 66 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, — деді Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Батұржан Әбдумасаров.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Baribar.kz / Бізде бәрі бар! (@baribar.media)

Алматы қалалық полиция департаменті заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету басты міндет болып қала беретінін атап өтті.