Басты бетPushАлматы облысында...

Алматы облысында тауға жалғыз шығып кеткен жасөспірім құтқарылды

ТЖМ қызметкерлері Алматы облысындағы Іле Алатауы тауларында жасөспірімді құтқарды. Бұл туралы ТЖМ-ның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Кеше күндіз 112 пультіне 2008 жылы туған жас жігіт хабарласты. Ол теңіз деңгейінен 3100 метр биіктегі Бөкреев шыңына шығып, өз бетінше түсе алмай қалған. Жасөспіріммен байланыс болды, таулы жерде ол жалғыз болған, — делінген хабарламада.

Құтқарушылар баланың тауға шыққан бағытын анықтап, аумақты тексеруге кіріскен. ТЖМ қызметкерлері жасөспірімді тауып алып, таудан түсіріп, Алматыға жеткізген. Оны туыстары күтіп алған.