Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда ер адамды ұстады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Биылғы 8 қарашада ҰҚК Алматы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті.
Психотроптық зат дайындап жатқан Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясы арқылы қамауға алынды. Тінту барысында жеті келіден астам дайын және 30 литр «мефедрон» сұйық психотроптық заты, зертханалық жабдықтар мен есірткі жасауға арналған прекурсорлар алынды, — делінген хабарламада.
Бұл факт бойынша қылмыстық кодекстің 297-бабы, 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы, 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды.