Басты бетPushАқтөбе облысында...

Ақтөбе облысында тікұшақ құлап, 1 адам қаза болды

Ақтөбе облысында тікұшақ құлап, 1 адам қаза болды. Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлады.

9 қарашада сағат 11:40-та 112 нөміріне Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы Сарыарқа ауылының ауданында тікұшақтың қатты қарқынмен қонғаны туралы хабарлама түсті. Авиациялық оқиғаның алдын-ала себебі – техникалық ақау. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – делінген хабарламада.

Бортта үш адам болған, олардың біреуі қаза тапты. Екі зардап шеккен адам қорғаныс министрлігінің ЯК-40 ұшағымен Ақтөбеге жеткізілді.