Басты бетЖаңалықтарРудныйдағы жылу...

Рудныйдағы жылу желілерінде тағы апат болды

8 қараша күні Рудныйда бірнеше сағат ішінде екі апат орын алды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлап отыр. 

Алғашқы оқиға сағат 02:00 шамасында Топорков көшесіндегі жеке сектордың орамішілік тарату желілерінде болды.

Сағат 8:30-да жарылған жер жөнделіп, тоқсандық құбыр жұмыс істей бастады. Жеке сектордағы барлық 198 абонент жылумен қамтылды. Ал сағат 6:00-де Строительная көшесіндегі жеке сектордың орамішілік тарату желілері зақымданып, 27 абонент жылудан ажыратылды. Десек те, тұрғын үйлерде температура режимі қалыпты. Жөндеу жұмыстарына 11 адам және 3 бірлік техника жұмылдырылған. Сағат 12.00-ге дейін жылу жүйесі қалпына келтіріледі, — делінген хабарламада.

Айта кету керек, бұл құбырлар магистральдық емес, мұнда бұрын жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.

Рудный қаласындағы орамішілік желілердің жалпы ұзындығы — 140 км, оның ішінде жеке сектордың тарату желілері 44 км болады. Кейінгі екі жылда Рудный қаласында 16,5 млрд теңгеден астам сомаға 33,8 км жылу желілері жөнделген, — деп түсіндірді әкімдік.