Доллар 490-495 теңге аралығында саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 490-495 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 8 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 492,22 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,03 теңге. Еуро — 529,38.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 491,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 492,9 теңге. Еуро 529,5—532,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 490 теңге, сатып алу құны — 495 теңге. Еуро 527 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97-5,07 аралығында саудаланып жатыр.