Талғарда бүгін, 2024 жылғы 5 қарашада болған жер сілкінісінен кейін мектептер мен балабақшаларда сабақ тоқтатылды.
Бұл туралы Талғар ауданы бойынша білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Бүгін Талғар қаласындағы мектептер мен балабақшалардағы сабақтар тоқтатылды, — делінген хабарламада.
Еске салайық, ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 5 қарашада Астана уақытымен 10 сағат 01 минутта Алматы облысы мен Алматы қаласында жер сілкінгенін тіркеді.