Ерлан Тағаев Талғар прокуроры болып тағайындалды. Бұл туралы Талғар аудандық прокуратурасы хабарлап отыр.
Бугін Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары Қатаев Дамир Меделбайұлы Талғар ауданының әкімдігінде Талғар ауданының прокуроры Ерлан Алижанұлы Тағаевты таныстырды, — делінген хабарламада.
Ерлан Алижанұлы Тағаев прокурорлық қызметін Алматы облысының прокуратурасында бастап, кейін Карағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында жалғастырған.
Талғар ауданы прокуроры болып тағайындалғанға дейін Курчатов қаласы, ШҚО түзеу мекемелерінде заңдылықтың сақталуын қадағалау жөніндегі арнайы прокуроры, Күршім ауданы, Аягөз, Абай және Жаңасемей аудандарының, прокуроры қызметін атқарған.