Мәжілістің жалпы отырысында ұлттық қордан 2025–2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасы қаралды.
Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, кепілдендірілген трансферттің мөлшері бюджеттік қағидаларға сәйкес анықталды.
Ал мұнайдың кесімді бағасы 2025 жылы барреліне 42,3 АҚШ доллары, 2026-2027 жылдары барреліне 41–39,4 АҚШ доллары деңгейінде белгіленген.
Осыны ескере отырып, ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2025-2027 жылдарға жыл сайын 2 триллион теңге көлемінде айқындалды, — дейді Нұрлан Байбазаров.
Қазіргі болжам бойынша ұлттық қордың таза валюталық активтері 2025 жылы 62,2 миллиард АҚШ долларын, ал 2026-2027 жылдары 69,9–78,7 миллиард АҚШ доллары болды.
Мәжіліс депутаттары заң жобасын қабылдады.