Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен босатылды.
Бас прокуратура мәліметінше, Қазақстан Республикасы бас прокурорының 18 қазандағы бұйрығы бойынша, Алматы облысы прокурорының орынбасары С. С. Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Е. К. Бекманов атқаратын қызметінен босатылған.
Қылмыстық процесте заңдылықты қадағалау бойынша жұмыста елеулі кемшіліктердің болуы негіз болды, — делінген хабарламада.
Ескендір Бекманов 2022 жылғы тамыздан бері Талғар ауданының прокуроры қызметін атқарған. 1976 жылы 9 қыркүйекте Қарағанды қаласында дүниеге келген. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген. Алматы облысының прокуратурасында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.