Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 483-488 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 15 қазанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 484,11 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,03 теңге. Еуро — 528,79.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 485,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 487,6 теңге. Еуро 530—535 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 483 теңге, сатып алу құны — 488 теңге. Еуро 529 теңгеден сатылып, 535 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,00-5,11 аралығында саудаланып жатыр.