Бүгін, 10 қазан күні жоғарғы сот мәнерлеп сырғанаудан олимпиада ойындарының қола жүлдегері болған спортшы Денис Тенді өлтірген адамдардың жазасын өзгеріссіз қалдырды.
Айта кетейік, сотталған Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов тамыз айында жоғарғы сотқа оларды ақтауды сұрап, шағым түсірген болатын.
Сот олардың шағымын қараудан бас тартты, — деп хабарлады жоғарғы сот.
Еске салайық, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылғы 19 шілдеде қаза болды.
Сот үкімі бойынша Денис Тенге шабуыл жасаған Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов 18 жылға бас бостандығынан айырылған.