«68 млн теңге парамен ұсталған». Қаржы министрлігінің шенеуніктері істі болды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бегайдаров қаржы министрлігінің лауазымды тұлғаларының қылмыстық әрекеті жайлы айтты.

Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлық агенттігінің департаменті қаржы министрлігінің лауазымды тұлғалары кәсіпкерлік субъектілерінен пара алғанын әшкерелеген.

Астана және Алматы қалаларында ауыр жемқорлық қылмыс жасағаны үшін қаржы министрлігі басқармасының басшылары әшкереленді. Олар кәсіпорындардың 570 миллион теңге салықты негізсіз төлеу бойынша ақпаратқа қол жеткізіп, делдал арқылы фирма өкілінен ақша талап еткен. 68 миллион теңге пара алу кезінде қаржы министрлігінің лауазымды адамдары мен делдал ұсталды, — дейді Данияр Бегайдаров.

Оның айтуынша, ведомствоның өзге лауазымды тұлғаларының қылмысқа бар-жоғы тексеріліп жатыр. Тергеу аяқталған жоқ.