«Айсұлу» командасы хоккейден Қазақстан чемпионы болды

Чемпионаттың үшінші кезеңінде барлық кездесулерін жеңіспен аяқтаған «Айсұлу» финалда да өз қарсыластарына шайба соғуға мүмкіндік бермеді. Александр Мальцев шәкірттері абсолютті жеңімпаз екеніндерін дәлелдеді. Шешуші ойында Мадина Тұрсынова мен Зарина Тухтиева мергендігімен көзге түсіп, командаға жеңіс сыйлады.

Чемпионаттың нәтижесі бойынша «Айсұлу» командасының қақпашысы Арина Щеколова «үздік қақпашы» атанса, Малика Алдабергенова «үздік шабуылшы» мәртебесіне ие болды. Ал «Томиристің» хоккейшісі Дарья Нитейская «үздік қорғаушы» ретінде танылды.

Осылайша, «Томирис» күміс жүлдеге қол жеткізсе, өскемендік «Торпедо» қоланы қанағат тұтты.

Салтанатты марапаттау рәсімінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар және кубоктар табысталды.

ДереккөзInform.kz