Каспий теңізінде балық аулауға толықтай тыйым салынуы мүмкін

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті басшысы Нариман Жүнісовтың пікірінше, Орал-Каспий өңірінде балық популяциясына байланысты проблема өткір күйде тұр.

«Бірінші кеңестің қорытындысы бойынша биологиялық дәлелдеме әзірлеу туралы шешім қабылданды. Соның қорытындысына сай, Каспий теңізінде кәсіптік бағытта балық аулауға толықтай тыйым салатынымыз немесе шектеу қоятынымыз белгілі болады. Қазір балық шаруашылық ғылымы қандай ұсыныс беретінін күту керек»,- дейді Нариман Жүнісов.

1 сәуірде Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында «Бекіре» атты ауқымды акция басталған. Шараны ұйымдастыру барысында 97 мемлекеттік инспекторы шақырылып, 20 қарауыл қосыны орнатылды. 342 құқық бұзушылық анықталды. 52 қылмыстық іс қозғалып, 53 тоннаға дейін балықтар алынды.

ДереккөзAstanatv.kz