Ұлттық банк SHAŃYRAǴYŃYZ SHATTYQQA TOLSYN коллекциялық монеталарын айналымға шығарады

Қазақстан ұлттық банкі «Жүректен жүрекке» монеталар сериясынан SHAŃYRAǴYŃYZ SHATTYQQA TOLSYN коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.

Бұл туралы ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Монеталар 2024 жылғы 3 қазаннан бастап ҚҰБ-тың https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатылады.

«SHAŃYRAǴYŃYZ SHATTYQQA TOLSYN монетасы әлемде бейбітшілік орнасын, әр отбасына береке келсін деген идеяны насихаттайды.

«Шаңырағыңыз шаттыққа толсын» — бейбіт заманда тату-тәтті өмір сүр, әр отбасында тыныштық болсын, жылулық ұяласын деп күллі адамзатқа айтылған ізгі тілек, — делінген хабарлмада.

Монеталар күмістен жасалған. Сынамасы — 925/1000. Монета массасы — 31,1 грамм, диаметрі — 38,61 мм, номиналы 1 000 теңгелік, таралымы — 2 000 дана.

Монетаның бейнесі

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдауға, сонымен қатар елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.