Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 478-482 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 2 қазанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 480,11 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,14 теңге. Еуро — 532,25.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 480,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 482,5 теңге. Еуро 532,5—536,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 478 теңге, сатып алу құны — 482 теңге. Еуро 531 теңгеден сатылып, 537 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,05-5,17 аралығында саудаланып жатыр.