Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазақстан азаматтарына Қытаймен шекара уақытша жабылатыны ескертілді

Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті
Қытай Қазақстанмен арадағы автомобиль өткізу бекеттерін уақытша жабады. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті ескертті.

Қытай Халық Республикасының құрылған күнін мерекелеуге байланысты 2024 жылғы 1 қазан мен 3 қазан аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдардың, көлік құралдарының және жүктердің өтуі жүзеге асырылмайды, — делінген хабарламада.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастыратыны атап өтілді. Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршруттарын алдын ала жоспарлау сұралды.