Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

28 қыркүйекте Қазақстанның 7 қаласында ауа ластанады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Бүгін еліміздің жеті қаласында ауа ластанады. Бұл туралы Казгидромет хабарлады.

2024 жылғы 28 қыркүйекте  Қостанай, Өскемен, Семей, Риддер, Орал, Ақтөбе, түнде Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.