Маңғыстау облысында жаңа қала салынады. Бұл туралы Қазақстан үкіметі хабарлады.
Үкімет мәліметінше, Кендірлі аймағында жылына 300 мың адам қабылдайтын туристік қала бой көтереді.
Кендірлі теңіз жағалауының ерекшелігі – шомылу маусымының ұзақтығы. Географиялық орналасуы да маңызды. Ол өзінің бірегейлігінің арқасында туристерді тартуға ыңғайлы, – делінген хабарламада.
Үкімет жаңа жоба Жаңаөзен қаласының негізгі жүктемесінің төмендеуіне жақсы әсер ететінін де жеткізді.