Басты бетPush«Бауырына салу»...

«Бауырына салу» фильмі «Оскарға» ұсынылды

23 қыркүйекте Алматыда «Тұлпар» IV ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды.

Байқауда «Үздік фильм» номинациясы бойынша Асхат Кучинчирековтың «Бауырына салу» фильмі жеңімпаз атанды.

Байқау шартына сәйкес, бұл аталымда үздік шыққан фильм «Оскар» сыйлығына International Feature Film номинациясы бойынша ұсынылады.

Осылай, «Бауырына салу» фильмі «Оскарға» ұсынылды.

«Бауырына салу» — кезінде өзін әжесінің бауырына салып берген, содан әке-шешесі үшін бөтенге айналған баланың жан күйзелісі жайлы фильм.