Израильдің шабуылынан 492 адам қаза тауып, 1600-ден астам адам жараланды. Бұл туралы Ливанның денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Қаза тапқандар арасында 35 бала мен 42 әйел бар. Бұл — 2023 жылғы қазаннан бері ең көп адам шығынына әкелген әуе шабуылы.
Израиль билігі Ливан тұрғындарына операция аяқталғанға дейін қауіпті аймақтан кету қажет екенін ескертті.
Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі Нассер Канаани Израиль шабуылын қатаң айыптап, бұл шабуылға жауап болатынын ескертті.
Израиль сыртқы істер министрі Исраэль Кац «Хезболланы» «тұрғындарды тірі қалқан ретінде пайдаланды» деп айыптады.