Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚК төрағасының екі орынбасарын тағайындады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
23 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚК төрағасының орынбасары Бақытбек Қосжановты қызметінен босатты. Бұл қызметке Алмас Наймантаев келді.
Президент өкімімен Алмас Тілепбергенұлы Наймантаев Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Жұмабаевты сыртқы барлау қызметінің директоры етіп тағайындады. 16 қыркүйекте бұл қызметтегі Асқар Әмірханов орнынан алынған еді.