Пәкістанда 12 мемлекеттен келген елшілер кортежі маңында көлік жарылды. Елшілер қатарында Қазақстан елшісі де болған.
Сыртқы істер министрлігі елшінің зардап шекпегенін хабарлады.
22 қыркүйекте Хайбер-Пахтунхва провинциясында 12 мемлекеттен келген елшілерді алып жүрген полиция көлігін мина жарып жіберді. Дипломатиялық корпустың өкілдері зардап шеккен жоқ, елшілер Исламабадқа жеткізілді, — делінген хабарламада.
Жарылыс салдарынан бір полицей қаза тауып, үшеуі зардап шеккен.