Астанада жылу беріле бастады. Бұл туралы Астана әкімдігі хабарлады.
Әлеуметтік нысандарды қосу олардың өтінімі бойынша жылу маусымына дейін жүргізіледі. Бүгінгі таңда орталықтандырылған жылу жүйесіне 139 әлеуметтік нысан (мектептер, балабақшалар, емханалар) қосылды, — делінген хабарламада.
Әкімдіктің мәліметінше, жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларына сәйкес елордада жылыту маусымы сыртқы ауаның белгіленген орташа тәуліктік температурасы +10 °С және одан төмен болғанда бес тәулік ішінде басталады.